13:23 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
310 0 0

Президенттер қазақ-иран қатынастарының қазіргі ахуалын, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ, 20 мамыр– Sputnik. Қазақстан президенті Қасым -Жомарт Тоқаевты Иран президенті Хасан Рухани Тегеранға ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлады Ақорда сайты.

Екі ел президенті телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-иран қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау, білім және ғылым ЕЭК құзыретіне кірмеуі керек – мемлекет басшысы

Хасан Рухани Иран тарапының Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтіп, "Қазақстан-Түрікменстан-Иран"темір жолының, сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін мультимодальді дәліздердің әлеуетін тиімді пайдаланудың өзектілігіне тоқталды.

"Иран тарапы жүк тасымалын ұлғайту мақсатында аталған көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлескен жұмыстардың маңызды екенін жеткізді",- делінген хабарламада.

Ал Қасым-ЖомартТоқаев екіжақты экономикалық байланыстарды жандандырудың нақты  шараларын үкіметтер деңгейінде әзірлеуді ұсынды.

Әңгімеде қос мемлекеттің COVID-19 індетіне қарсы күреске қатысты қабылдаған шараларына ерекше назар аударылды.

Иран президенті індеттің таралуын болдырмау жөніндегі Қазақстан басшылығының қабылдаған шешімдері мен атқарған іс-қимылдарын, сондай-ақ халық арасында кең ауқымда жүргізілген коронавирусты анықтау жұмыстарын жоғары бағалады.

Тақырып бойынша

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
"Сөзімді біреуге басқаша жеткізбейді": Лукашенко Тоқаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті
Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты
Кілт сөздер:
Тегеран, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып