Саясат

Сенат депутаттарының сайлауы өтетін күн белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступает на совместном заседании палат парламента
 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступает на совместном заседании палат парламента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның жоғары палатасына сайлау күнін тағайындау жөніндегі президент жарлығы шықты

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Парламент сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Қазақстан республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылдың қазан айында аяқталатынына байланысты, сенат депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын", – делінген құжатта.

Сонымен қатар, президент жарлығында Қазақстан республикасының үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі айтылған.

Оқи отырыңыз: Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
0