Саясат

Тоқаев Ресей халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин встретился с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым
Президент РФ В. Путин встретился с президентом Казахстана К.-Ж. Токаевым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты және одақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей президенті мен барша ресейліктерді ұлттық мерекелері – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

"Ресей өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы өзара тиімді және әділ ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өтеді", – делінген құттықтау жеделхатында.

"Сіздің стратегиялық бағытыңызды қатаң ұстана отырып, Ресей мемлекеттік құрылымның сан ғасырлық дәстүрін табысты арттырып, қоғамдық өмірдің барлық саласын дәйекті түрде жаңғыртып келеді", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті "ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын" атап өткен.

Оқи отырыңыз: Ресейлік ғарышкерлер Қазақстанға ғарыштан құттықтау жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты және одақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0