Саясат

Қырғызстан президенті үкіметті таратты

© Photo : пресс-служба Жогорку Кенеш Кыргызстана / Ашыркул ОморкуловҚырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, архивтегі сурет
Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы радиожиіліктерді сату кезіндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуге қысым жасады деген айыптауларға жол бергісі келмейді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қырғызстан үкіметі таратылды. Ел президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиевтің отставкасын қабылдады.

"Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиевтің отставкасын қабылдаған жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін үкімет те отставкаға кетті деп саналады", - делінген Қырғызстан президентінің сайтында.

Премьер-министр, бірінші вице-премьер, премьер-министрдің орынбасары, үкімет мүшесі лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін өз міндетін атқара береді.

Мухаммедкалый Абылгазиев отставкаға кету туралы өтінішті 15 маусымда жазған. Ол радиожиіліктерді сату кезіндегі сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық іс бойынша тергеуге қысым жасады деген айыптарға жол бергісі келмейтінін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, бұған дейін, 20 мамырда, депутат Жанар Ақаев Жогорку Кенеште (парламент) үкіметті екі радиожиілікті арзанға сатып жіберді деп айыптады.

Оның пікірінше, премьердің рұқсаты болмаса, сауда жасалмайды. Парламентарий бұл келісімдерден бес миллиард сом (66 миллион доллар) шығын келді деп бағалаған.

Мухаммедкалый Абылгазиев бұл айыптаулардың ешқандай негізі жоқ екенін айтты.

Жаңалықтар
0