03:59 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Саясат
Қысқа сілтеме алу
8884 0 0

Президент үкімет пен облыс әкімдеріне коронавирус пандемиясының таралу көрсеткішін қысқартуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есеп тыңдады. 

Мемлекет басшысына премьер-министр Асқар Мамин, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдері коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал туралы есеп берді.

"Президент үкіметке және облыс басшыларына пандемияның таралуын тез арада шектеуге қатысты шұғыл әрі тиімді шаралар қабылдауға, коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуге, азаматтардан тест сынамасын алудың ауқымын кеңейтуге, дәрігерлерді арнайы қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен, өкпеге жасанды жолмен дем беретін аппараттармен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтасыз етуді тапсырды", - деп жазылған Ақорда сайтында.

Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау ісінде алғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдік тұрғыдан қолдау көрсетудің мәні зор екенін атап өтті. Үкімет пен әкімдер халық арасында карантин режимін сақтаудың аса маңызды екенін түсіндіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізуі керектігін айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына экономиканың құлдырауына жол бермеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азаматтардың әлеуметтік қажеттілігін толық қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанда пандемия басталғалы 17 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. 9 мыңнан астам тұрғын жазылып шықты. 120 адам қайтыс болды.

Тақырып бойынша

Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды
Тойға келген қонақтар мен қалыңдық коронавирус жұқтырып алды
Қандай жағдайда тест теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус диагнозы қойылады?
Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
коронавирус, Үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып