19:16 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Эстония билігі ресейлік БАҚ-қа қысым жасап, демократия қағидаттарын сақтамай отыр – Черышева Sputnik Эстония төңірегіндегі мәселе туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Эстония билігі түрлі еуропалық құрылымдардың ұсыныстарын елемей, Sputnik Эстонияға қатысты позициясын өзгерткен жоқ. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары туралы онлайн жиналысының қатысушыларына басылым жетекшісі Елена Черышева айтты.

Журналист Эстонияда сөз бостандығының принциптері бұзылып жатқаны анық байқалып отырғанын айтты. Атап айтқанда, Черышеваның айтуынша, эстон билігі Sputnik Эстония редакциясына қысым көрсетудің түрлі формалары мен құралдарын ашық қолданып жатыр. 2019 жылдың соңында республиканың полиция және шекара күзеті департаменті басылым қызметкерлеріне хат жолдап, ультиматум қойды: егер журналистер ресейлік агенттікпен ынтымақтастығын тоқтатпаса, олардың үстінен "Еуропалық санкцияларды сақтамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ел билігі мұнымен 2014 жылы "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке қатысты енгізілген шектеулерді меңзеп отыр. Бірақ, агенттіктің өзі санкциялық тізімнің бірде бірінде жоқ.

Әйтсе де, осы қоқан-лоқыдан кейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан басылым сайты төтенше режимде жұмыс істейді, ал редакция қызметкерлеріне Sputnik Эстониямен келісімшартты бұзуға тура келді.

"Бұл өзгеше ойлаумен күресудің ең жарқын үлгісі. Тек Эстонияның полицейлері ғана жеке санкцияны Ресейдің мемлекеттік БАҚ-на тарата алады",  - деп мәлімдеді Елена Черышева.

Тағы оқыңыз: SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады

Сондай-ақ, Черышева былтыр желтоқсан айының соңында Эстония премьер-министрі Юри Ратас эстон демократиясын бүкіл әлемге үлгі еткенін еске салды.

"Ол полиция тарапынан журналистерге жасалған қоқан-лоқыны демократия деп санайтын сияқты. Ал өздеріне ұнамайтын БАҚ-ты ашықтан ашық қуғындау  – бұл эстонша сөз бостандығы", - деді Черышева ЕҚЫҰ конференциясында.

Еске салсақ, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир Эстонияның позициясымен әу бастан-ақ үзілді-кесілді келіспеген еді. 2019 жылдың желтоқсанында Дезир эстон билігін Sputnik Эстонияға қысым көрсетпеуге шақырды.

"Бұл ақпараттың еркін ағымына теріс әсерін тигізуі мүмкін", - деп жазды Дезир Twitter-дегі парақшасында.

"Сізге құлақ аспағаны өкінішті", - деді Черышева Дезирге қарата айтқан сөзінде.

ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жиналысы – Еуропада жыл сайын өтетін ірі конференция. Оған ЕҚЫҰ-ның 57 елінің делегациялары, ЕҚЫҰ құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысады. Конференция спикерлері БАҚ бостандығы, демократия және әлемдегі журналистердің қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

Биыл жиын коронавирус пандемиясына байланысты Албанияның төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатыр.

Кілт сөздер:
БАҚ
Загрузка...

Басты тақырып