Саясат

Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами беретініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті", – делінген жеделхатта. 

Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі. 

Жаңалықтар
0