Саясат

Тоқаев Нығматулинді қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы депутаттар өз жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаевқа мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Нығматулиннің айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмек қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ, депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда.

Қазіргі уақытта палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және тағы басқа салаларға бағытталған заң жобалары бар.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы Бекназаровтың өкілеттігін тоқтатты

Тоқаев депутаттық корпус өз жұмысында президент жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.

Жаңалықтар
0