Саясат

Бұрынғы мәжіліс депутаты сенаттың вице-спикері болды

© Sputnik / Болат ШайхиновНурлан Абдиров
Нурлан Абдиров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілістің үш шақырылымында жұмыс істеген Нұрлан Әбдіров сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың орынбасары қызметін атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров сенат төрағасының орынбасары болды.

Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіров сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабына сәйкес, Әбдіровті палата төрағасының орынбасары қызметіне ұсынамын. Ол әділет министрі болып жұмыс істеді және Қауіпсіздік кеңесінің жауапты қызметтерінде болды. Ол жұмысты өте жақсы біледі. Осы уақытқа дейін мәжілісте заң шығару жүйесі жөніндегі комитеттің төрағасы болды", - деді Мәулен Әшімбаев алтыншы шақырылымның алтыншы сессиясының бірінші жалпы отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады 

Ол сондай-ақ, Әбдіров бұл қызметке үлкен жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді.  

Палата депутаттары Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасына дауыс берді.

Нұрлан Әбдіров туралы не білеміз

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды ​​облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. КСРО ішкі істер министрлігінің Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Әр жылдары ішкі істер министрлігінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарды.

2002 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап мәжіліс депутаты болды.  

Жаңалықтар
0