Саясат

Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық атқарушы органдардың басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлыққа өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Ақорда.

Оған сәйкес, орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізеді. Бейнебайланыс арқылы, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және БАҚ-та ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляциялар ұйымдастырады. 

"Кездесу барысында халық іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспар көрсеткішіне қол жеткізу, салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етілсін. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен ЖШС қойылған міндеттерді орындау қорытындылары және қол жеткізілген нәтижелері туралы ақпарат берсін", - делінген жарлық мәтінінде.  

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар басшылары да қызмет қорытындысы жайлы есеп береді. Олар жыл сайын үшінші тоқсан ішінде әлеуметтік желілер арқылы жұртшылықпен интернет-конференциялар өткізуі тиіс.

Азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді, мемлекет қатысатын ұйымдардың қойылған міндеттерді орындау мерзімі көрсетілуі керек. Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің тізімі мен оларды шешу жолдары да айқындалуы тиіс екені жазылған.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Жаңалықтар
0