18:33 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Саясат
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 15-ші кездесуі сейсенбі, 15 қыркүйек күні өтеді. Шара барысында өңірдің қауіпсіздік мәселелері талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі сейсенбіде бейнеконференция форматында өтеді, деп хабарлайды Ресей қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдайды талқылау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлермен күресуге бағытталған бірлескен іс-әрекет мәселелері, соның ішінде ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы желісі төңірегінде пікір алмасу көзделуде.

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ең алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен, заңсыз қару және есірткі айналымымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас тетіктерін жетілдіру қаралады.

Кездесу РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өтеді.

Еске сала кетейік, ШЫҰ-ға Индия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіреді.

Бұған дейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының саммиті де осы жылдың қарашасында қашықтан өтетіні хабарланған болатын.

Загрузка...

Басты тақырып