Sputnik Парагвай СІМ басшысымен ынтымақтастық келешегін талқылады

© Sputnik / Валерий Мельников Парагвай СІМ басшысы Эладио Лойсага мен Sputnik бас редакторының бірінші орынбасары Сергей Кочетков
Парагвай СІМ басшысы Эладио Лойсага  мен Sputnik бас редакторының бірінші орынбасары Сергей Кочетков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парагвай СІМ басшысы елдің Sputnik агенттігімен ынтымақтастық жасауға мүдделі екендігін атапп өтті

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Парагвай сыртқы істер министрі Эладио Лойсага Мәскеудегі Sputnik ақпараттық агенттігі мен радиосының кеңсесіне келіп, агенттік өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. 

Кездесуге Sputnik бас редакторының бірінші орынбасары Сергей Кочетков қатысты. Тараптар бірлескен жұмыс келешегін талқылап, ресейлік және парагвайлық аудиторияға ақпараттық контентті ұсыну ерекшеліктерімен танысты. 

"Латын америка медиа нарығы жанжақты әрі технологиялық болып табылады. Осы дүние, испан тілін қосқанда 30-дан астам тілде хабар тарататын халықаралық ақпараттық агенттігі ретінде, біздің үлкен қызығушылығымызды туғызады. Біз осы өңірде өз қызметімізді бұдан әрі де дамытып,  ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерімізбен бөліскіміз келеді", — деді Сергей Кочетков. 

" Sputnik-пен кездесу агенттік жұмысын, оның әлемдегі және Латын Америкадағы орнын түсіну үшін маңызды болды. Біз оның Монтевидеодағы өңірлік редакциясымен байланысып отырамыз. Sputnik-тің Парагвайдың ақпарат және коммуникация хатшылығымен жасалған ақпарат алмасу жөніндегі келісім Ресей мен Парагвайда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік беріп, әлемдегі оқиғаға қатысты өзге пікір алуға болатындығымен маңызды", — деді Эладио Лойсага. 


Жаңалықтар
0