16:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Instagram желісіндегі топтардың біріндегі парақша

Астанада баспасөз мәслихатында әлеуметтік желілердегі "өлім топтары" мәселесі талқыланады

© Sputnik / страница одной из групп в Instagram
Баспасөз орталығы
Қысқа сілтеме алу
"Синий кит" немесе Өлім топтары (8)
18 0 0

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Астана-Мәскеу-Бішкек бейнекөпірі форматындағы баспасөз мәслихаты әлеуметтік желілерде жасөспірімдерді өз-өзін өлтіруге итермелейтін топтардың көбеюі мәселесіне арналған. Ол сәрсенбі 8 ақпан күні сағат 14.00-де Sputnik Қазақстан халықаралық баспасөз орталығында өтеді.

Әлеуметтік желілердегі кейбір топтар жасөспірімдер мен балаларды ойынға шақырады. Бұл ойынның шарты бойынша, әрбір қатысушы 50 тапсырма орындап, ақыры соңында өз-өзіне қол жұмсауы тиіс.

Астанадағы қатысушылар:

— ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы бақылау басқармасының басшысы Азамат ҚАБДЕШЕВ;

— ҚР білім және ғылым министрінің балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бәлия ӘКІМБЕКОВА;

— Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша Қазақстан ата-аналар қауымдастығының президенті Әмина ЖОМАРТҚЫЗЫ;

— ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі.

БАҚ өкілдерін баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз,  Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1. Аккредитация бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: +7701 5277007.

 

Тақырып:
"Синий кит" немесе Өлім топтары (8)

Басты тақырыптар