08:23 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Sputnik

Sputnik Қазақстан бірінші туған күнін атап өтті

© Sputnik / Ксения Воронина
Баспасөз орталығы
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Sputnik Қазақстан осы аз ғана уақыт ішінде өзін сенімді әрі ақиқатты жеткізетін дереккөз ретінде танытты

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы бүгін өзінің алғашқы туған күнін атап өтті.

Sputnik Қазақстан жұмыс істеген алғашқы жылы республика бойынша ақпараттық серіктес ретінде бірқатар шараға қолдау көрсетті: аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты, Қазақстан сән апталығы, ерекше ханымдарға арналған сұлулық байқауы, "Ұлытау қымызы" этнофестивалі, "Байқоңыр" қысқаметражды фильмдер халықаралық фестивалі.

Сонымен қатар агенттік бірқатар авторлық науқандарды өткізді: #ЁлкаДоброты жобасының арқасында онкологиялық дертке шалдыққан балалардың жаңажылдық тілектері орындалды, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Қазақстан — біз біргеміз" бейнеэстафетасы, #ОднаНаВсех ко Дню Победы науқаны.

Агенттік тілшілері республикалық деңгейдегі шаралар туралы жаңалықтар жазғаны үшін алғыс хат және дипломдармен марапатталған.

"Жоба басталғалы бері агенттік командасы екі есе ұлғайды, Алматыда кеңсе аштық. Бізге айтылған сынға, берілген баға аса мән береміз, әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап береміз. Бізді мақтап немесе даттайтындарға көп рахмет, біз қызықты мультимедиялық контентімізді әрі қарай дамыта бермекпіз. Жеткен жетістікке қанағаттанып қана қоймай, жұмыс қарқынын ұлғайтып, алға қадам басамыз", — дейді  Sputnik Қазақстан агенттігі басшысы Ольга Коваленко.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

 

Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.

Басты тақырыптар