Астанада ҰҚКҰ штабы баспасөз мәслихатының бейнекөпірі өтеді

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 26 қыркүйек күні сағат 16.00-де Ұжымдық қауіпсіздік туралы кеңес ұйымының біріккен штабы басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоровтың Мәскеудегі баспасөз мәслихатының бейнекөпірі көрсетіледі

Баспасөз мәслихаты Ресей, Армения, Қазақстан аумағында 2017 жылы 3-20 қазан аралығында өтетін "Іздеу-2017" ҰҚКҰ мүше елдерінің қарулы күштері барлау бөлімшелерінің, "Өзара іс-қимыл-2017" жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің және "Бұзылмас бауырластық-2017" ҰҚКҰ бітімгерлік күштерінің біріккен оқу-жаттығулары қарсаңында өткізілідеді.

Алғаш рет барлық жаттығулар "Жауынгерлік бауырластық-2017" жедел стратегиялық жаттығулардың бірыңғай ниеті аясында жоспарланған.

Іс-шарада жаттығулардың мақсаты мен тапсырмалары туралы айтылады. 

Астана, Бішкек, Ереван, Мәскеуден қатысушылар:

— БАҚ өкілдері.

Sputnik Қазақстан мульимедиялық баспасөз орталығының мекенжайын: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12,(Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат P1.

БАҚ аккредитациясы келесі нөмір бойынша: +7 701 527 7007.

Мультимедиялық баспасөз орталығының анонстары туралы e-mail хабарламалар алып отыру үшін z.kulumbetova@sputniknews.com поштасына сұраным жіберіңіз.

Жаңалықтар
0