19:12 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин

Қытайға қарсы наразылық акциялары: екі ел президенті не талқылайды

© Официальный сайт Президента РК /
Баспасөз орталығы
Қысқа сілтеме алу
1157 0 0

Саясаттанушы мемлекет басшысының Қытайға жоспарланып отырған сапары несімен маңызды екенін айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек — Sputnik. 11-12 қыркүйектегі Қытайға сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы наразылық акциялары мәселесін қозғамайды. Мұндай пікірін "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарёв айтты.

Екі ел басшылары бұдан да маңыздырақ жаһандық, өңірлік мәселелерді талқылайды, деді сарапшы Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығының кулуарында.

"Президенттің Қытайға сапары өте маңызды. Бұл, ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренадағы, әсіресе, көрші мемлекет басшылығы арасындағы легитимділігін бекіту үшін қажет ", – деді сарапшы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Саясаттанушы мемлекет басшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін Тоқаевтың Ресейге барғанын атап өтті. Ал дәл сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы форумға қатысып, ел басшылығымен кездескен болатын. Чебатаревтің айтуынша, бұл Қытай өкілдерін біраз түсініксіз жағдайға қалдыруы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Бұл өтірік: вице-премьер қытай жобалары төңірегіндегі "сұмдықтар" туралы

Сарапшының айтуынша, Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты одан әрі дамытуда су мәселесін шешуге баса назар аударады. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен экономикалық мәселелерге мән беріледі.

Андрей Чеботарёв жақында Қазақстанда болған Қытайға қарсы акциялар алғаш рет болып тұрған жоқ деген ойымен бөлісті. 2009 және 2016 жылдары қазақстандықтар жер мәселесін көтерген болатын. Ал биылғы акцияға Қытайда этникалық қазақтарға қысым көрсетіліп жатыр деген сыбыс негіз болған.

Қазақстандағы наразылық акциялары

Өткен дүйсенбі күні жүздеген адам Жаңаөзен әкімдігінің алдында жиналған болатын. Олар Қазақстанда қытайлық зауыттар құрылысына тыйым салуды талап етті.

Дәл осындай акция Ақтау қаласында да өтті. Қала тұрғындары "Ынтымақ" алаңында жиналды. Бұл акция астана мен Алматыда да қолдау тапты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық келісім бар. Алайда олардың арасында наразылық акцияларына шыққандар айтып отырған жобалар жоқ.

"Адамдар заңсыз митингіге шақыратын болса, ішкі істер органдары жолын кесетін болады. Қазіргі уақытта бірі тыныш", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо митингіге шыққан наразы топтың артында екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіргісі келетін небір күштер бар екенін айтқан болатын.

Тақырып бойынша

"Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты
"Бұл - маңызды оқиға": Тоқаев Қытай елшісімен не туралы сөйлесті?
Жаңаөзенде жүздеген адам көшеге шығып, облыс әкімімен кездесуді талап етті
Қазақстан Қытай азаматтары үшін визаны алып тастағаны рас па? СІМ жауабы
Кілт сөздер:
президент, наразылық акциялары, Қазақстан, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып