01:42 25 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Польшада орналасқан Patriot  америкалық ракеталары

Еуропалықтар шетелдік әскери базаларға сенбейді

© Sputnik / Игорь Зарембо
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
88 0 0

"Сіздің ойыңызша, елдеріңізді кім жақсы қорғай алады?" деген сауалға немістердің (38%) және италиялықтардың (34%) үштен бірінің көбі елді қорғауды шетелдік әскери базаларсыз ұлттық армия өзі қамтамасыз ете алады деп жауап берді.

АСТАНА 27 қыр — Sputnik.   Еуропа елдерінің тұрғындары ұлттық қауіпсіздік мәселесінің шешімін олардың елдерінің аумағында орналасқан шетелдік әскери базаларға тапсырмас еді делінген Sputnik.Ой-пікір сауалнамасының деректерінде.

Еуропада әскери нысандардың ең көбі Германияда тіркелген, Италияда сонымен қатар айтарлықтай ӘТК күштері және АҚШ армиялары шоғырланған.

"Сіздің ойыңызша, елдеріңізді кім жақсы қорғай алады?" деген сауалға немістердің (38%) және италиялықтардың (34%)  үштен бірінің көбі елді қорғауды шетелдік әскери базаларсыз ұлттық армия  өзі қамтамасыз ете алады деп жауап берді.

Бұл ретте Германияның 37% тұрғыны және Италияның 34% тұрғыны елдерін шетелдік базалар және ұлттық армия бірлесіп қорғаса дегенді айтты. Германияның 21% респонденті және Италияның 27% респонденті сауалға жауап бере алмады. Тек сауалға қатысқан Германияның  тұрғындарының 4%-ы және Италия тұрғындарының 5%-ы шетелдік әскери базалар елді қорғауды ұлттық армиядан артық іске асырар еді деп есептейді.

Деректер Sputnik  ақпараттық агенттігі және радиосы тапсырысы бойынша Ifop зерттеу компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесінде алынды. 2015 жылға арналған АҚШ қорғаныс министрлігі есебіне сәйкес, АҚШ-тан тысқары жерлерде  587 әскери нысан орналасқан.

Сауалнама  Sputnik  ақпараттық агенттігі және радиосы тапсырысы бойынша ежелгі IFop  француздық зерттеу компаниясымен  2016 жылғы 28 маусымнан 4 шілдеге дейінгі уақытта Германияда (1004 адам) және Италияда жүргізілді. Іріктеме халықты жынысы, жасы және географиясы бойынша қайта таныстырады.

Шетелдік әскери базалар туралы  Sputnik.Ой-пікір сауалнамасының нәтижелері
© Sputnik /
Шетелдік әскери базалар туралы Sputnik.Ой-пікір сауалнамасының нәтижелері

Sputnik.Ой-пікір  жобасы туралы анықтама

Қоғамдық ой-пікірді зерттеу бойынша халықаралық жоба 2015  жылғы қаңтарда басталды. Жобаның серіктестері белгілі  Populus, Ifop және forsa зерттеу компаниялары. Sputnik.Ой-пікір  жобасы аясында Еуропа және АҚШ елдерінде өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша қоғамдық ой-пікір сауалнамалары тұрақты жүргізіледі. 

Sputnik – ондаған елдердегі мультимедиялық ақпараттық хабтары бар Sputnik  жаңалық агенттігі және радиосы. Sputnik-ке  30-дан астам тілдегі сайттар, балама және цифрлық радиотарату, мобилдік қосымшалар және әлеуметтік желілердегі беттер кіреді. Sputnik жаңалық таспалары тәулік бойы  ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Басты тақырыптар