01:42 25 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Хилари Клинтон

Мейнстрим-медианың ықпалымен еуропалықтар Клинтонды қолдайды

AP Photo/ Marcio Jose Sanchez
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
2201

Шетелдік ірі басылымдар Хилари Клинтонды көбірек насихаттағандықтан, АҚШ президенттігіне үміткер дауыс берушілердің басым көпшілігінің қолдауына қол жеткізді.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik.  Франция (56%), Испания (55%), Италия (53%) елдерінің тұрғындары, немістердің жартысы, поляктардың 47%  мен британдықтардың 36% Хилари Клинтонның АҚШ президенті болуын қалайды деп көрсетті  Sputnik.Пікір сауалнамасының нәтижесі.

Сауалнаманы Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы тапсырысы бойынша Ifop зерттеу компаниясы жүргізді.

Соңғы мәліметтер бойынша, америкалықтардың өздері Дональд Трамп пен Хилари Клинтонды тең дәрежеде қолдайды. Еуропа мен Америкадағы көзқарастың әртүрлі болуына халықаралық БАҚ Клинтонды қолдап жазатындығы  себеп болуы мүмкін.

Мұны еуропалық мамандар да растап отыр. "Бұған еш күмән жоқ. Клинтон – жүйелі кандидат, сол себепті батыс БАҚ бұл жүйені қолдайды", — деп санайды  геосаясат жайлы Stratpol сайтының редакторы Ксавье Моро.

Еуропалықтар арасында екі үміткердің де АҚШ президенті болғанын қаламайтындар да көп. Бұл көрсеткіш әсіресе Ұлыбританияда жоғары — 46%. 

Сауалнама 2016 жылы 22-26 қазан аралығында Германия (1000 адам), Италия (1002 адам), Франция (1004 адам), Испания (1001 адам), Польша(1012 адам) и Ұлыбритания (1012 адам) елдерінде өтті. 

Еуропа АҚШ президенттігіне үміткерлердің қайсысын қолдайды? Сауалнама нәтижелері
© Sputnik/
Еуропа АҚШ президенттігіне үміткерлердің қайсысын қолдайды? Сауалнама нәтижелері

Басты тақырыптар