ММА бойынша Қазақстанның ІІІ Кубогы туралы баспасөз конференциясы

© Photo : Федерация ММА КазахстанаММА бойынша Қазақстанның үшінші кубогы алдында балуандардың кездесуі
ММА бойынша Қазақстанның үшінші кубогы алдында балуандардың кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін 14 қараша күні сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында аралас жекпе-жектен Қазақстанның ІІІ Кубогы қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Құрметті әріптестер, сіздерді баспасөз мәслихатына қатысуға шақырамыз. Конференцияда Анатолий Ким Қазақстанның ұлттық ММА құрамасының Макаода өтетін әлем чемпионатына қатысуы туралы сөз қозғайды.

Баспасөз конференциясына қатысушылар: 

Ким Анатолий Игоревич — Қазақстан ММА федерациясының президенті;

Мәуленбеков Мұрат Мәуленбекұлы — Астана ММА федерациясының президенті, "Gas energy" компаниясы, коммерциялық директор; 

Мамыралиев Нұрлан Кенженұлы — Алматы қаласының МАА бойынша бас бапкері; 

Мейірбек "Махач" Маханов  — спортшы, полицияның аға лейтенанты. 

Баспасөз орталығының мекенжайы:  Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз). Телефон нөмірлері: +7 (7172) 689904, +77015277007.

Жаңалықтар
0