19:37 25 Ақпан 2017
Тікелей эфир
АҚШ-тағы президенттік сайлау

Сауалнама: америкалық БАҚ президенттік сайлауды біржақты баяндады

© REUTERS / / Mario Anzuoni
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

АҚШ тұрғындарының пікірінше, америкалық БАҚ сайлау кампаниясы туралы ақпарат беруде әділетті болған жоқ.

АСТАНА, 17 қар – Sputnik. Sputnik. Пікір сауалнамасының мәліметіне сәйкес, америкалықтардың басым көпшілігі (80%) АҰШ-тағы президенттік сайлау кезінде БАҚ үміткерлердің біреуін ғана жақтады деп санайды.

Сонымен қатар, америкалықтардың жартысынан астамы (59%) жергілікті және ұлттық БАҚ екеуі де әділетсіз болды деп жауап берді. Сауалнаманы АҚШ-та TNS UK зерттеу компаниясы арнайы Sputnik ақпараттық агенттігі мен радиосы үшін жүргізді. 

Сауалнама деректері бойынша, 16% америкалықтар ұлттық БАҚ үміткерлердің біреуін ғана қолдады, ал жергілікті БАҚ әділетті болды деп санайды. Америкалықтардың 5%, керісінше, жергілікті БАҚ ғана біржақты болды,  ал ұлттық – әділетті деп санайды.

Америкалық БАҚ үміткерлер туралы ақпаратты тең дәрежеде берді деп есептейтіндер 20%-ды құрады. 

Сауалнаманы Sputnik ақпараттық агенттігі мен радиосы тапсырысы бойынша  TNS UK зерттеу компаниясы 2016 жылы 3-7 қараша аралығында АҚШ-та жүргізді. «АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысты  БАҚ үміткерлердің біреуін қаншалықты жақтады деп ойлайсыз?» деген сұраққа АҚШ-та 18 және 64 жас аралығындағы 1012 адам жауап берді.

Деректер үшін алынған іріктеменің максималдық қателігі бүкіл мемлекет бойынша  +/- 3,1% құрайды, сенімгерлік ықтималдығы 95%.

Сайлау алды кампаниясы кезінде БАҚ-ның ақпарат берудегі әділдігі туралы сауалнама
© Sputnik/
Сайлау алды кампаниясы кезінде БАҚ-ның ақпарат берудегі әділдігі туралы сауалнама

Sputnik.Пікір туралы мәлімет

Қоғамдық пікірді зерттеу жөніндегі халықаралық жоба 2015 жылы қаңтарда іске кірісті. Жоба серіктестері – танымал зерттеу компаниялары Populus, Ifop және forsa. Sputnik.Пікір жобасы аясында ең өзекті әлеуметтік және саяси мәселелер бойынша коғамдық пікірді білу үшін АҚШ және Еуропа елдерінде сауалнама жүргізіледі.

Sputnik — ондаған елдерде мультимедиялық ақпараттық хабы бар жаңалықтар агенттігі және радиосы. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.