Қазақстанның Бірінші Президенті күніне орай Sputnik фотокөрме ашады

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуМ.С. Горбачев пен Н.А. Назарбаев
М.С. Горбачев пен  Н.А. Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының қолдауымен "Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде" фотокөрмесін ашады.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik баспасөз қызметі. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының қолдауымен "Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде" фотокөрмесін ашады. Көрме Бірінші президент күні мен Республика тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға арналған.

Көрме экспозициясы Sputnik тілшілерінің 1990 және 2016 жылдар аралығында түсірілген 30 мұрағаттық және заманауи жұмыстарын қамтиды. Sputnik объективінде елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми және ресми емес ортада, әріптестері мен отбасы мүшелерінің арасында көре аласыздар. Фотокөрме 30 қараша күні ҚР Ұлттық мұражайы алаңында басталады, көрмеге кіру тегін.

Sputnik Қазақстан агенттігінің бас редакторы Ольга Коваленко: "Ел күнтізбесіндегі қос елеулі мереке – Бірінші Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Sputnik агенттігі Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін фотокөрмені ұсынады". 

Көрменің салтанатты түрде ашылу рәсімі 29 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында өтеді (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54).

БАҚ аккредитациясы 28 қарашаға дейін ашық.

Тел.: +7 (702) 7554440

E-mail: a.chatalbash@sputniknews.com 

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді. Sputnik жаңалықтар таспасы оқырмандар үшін ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде тәулік бойы шығарылады. 

Жаңалықтар
0