04:15 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
КСРО президенті Михаил Горбачевтің Қазақстанға іссапары

Sputnik Қазақстанның тұңғыш президенті күніне орай фотокөрме ашты

© Sputnik / Борис Бабанов
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
58 0 0

Фотокөрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет ұсынылды.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Астанадағы Ұлттық мұражай алаңында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи суреттерін ұсынды. 

"Елді өзгерткен тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде" фотокөрмесі – бұл Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен алынған сәттер бейнеленген 30 мұрағаттық сурет. Жұмыстар 1990 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.

Sputnik объективінде елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ресми және бейресми ортада, әріптестері мен отбасы мүшелерінің арасында көре аласыздар.

"Ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдері естеріңізге түсіру үшін біз Sputnik мұрағатындағы суреттерімен бөлісіп отырмыз. Біз баршаңызды алдағы мейрамдармен құттықтай отырып, Астана тұрғындары мен қонақтарын фотокөрмемізге шақыруға қуаныштымыз", — деді Sputnik Қазақстан агенттігінің бас редакторы Ольга Коваленко.

Көрмеге келушілер Қазақстан президентінің Мемлекеттік Думада сөз сөйлеген сәттерін, Михаил Горбачевпен, Борис Ельцинмен, Владимир Путинмен, Дмитрий Медведевпен кездесулерінің бейресми кадрларын көре алады. 1994 жылғы қарашада орбиталық "Мир" станциясында ғарыштық сапарын аяқтаған Талғат Мұсабаевты Жерде қарсы алудың тарихи суреті. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар саммиттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылар ортасында түскен суреті.

Нұрсұлтан Назарбаев
© Foto: Официальный сайте президента Казахстана

"Тұңғыш президент күніне орай ашылған бүгінгі фотокөрме, келушілердің  қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Себебі, бұл суреттер біздің өмірімізбен, яғни тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты. Көрменің  ұйымдастырушысы Sputnik агенттігі және радиосына шексіз алғысымды білдіремін" — деді  фотокөрменің салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Ұлттық мұражайы басшысының орынбасары Сатубалдин Абай.  

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Косарев Владислав фотокөрме ашылуында: "Құрметті достар, ең алдымен осы көрменің ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені өмірде кездейсоқтық болмайды, тек белгілі бір адамдар тобының үлесі арқылы ғана болатын дүние. Олар өткенге бағу беру үшін күресті, сол үшін ризамын. Елбасымыздың суреттерін көруге баршаңызды шақырамын, қазіргі өміріміз қандай еңбекпен келгенін сонда түсінесіздер" — деді. 

Көрме барлық қызығушылық танытқандар үшін  2016 жылғы желтоқсанның ортасына дейін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 мекен жайы бойынша ашық болады. 

Sputnik Images — Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосының фотобанкі, оның мультимедиялық және ақпараттық орталықтары ондаған елдерде ұсынылған. Sputnik ақпараттық порталдар, аналогтық және сандық радио таратылым, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардан тұрады. Sputnik жаңалықтар таспасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығарылады. 

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.

Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді.

Басты тақырыптар