19:37 25 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Қысқы демалыс

Sputnik ТМД және Балтия елдеріне қысқы саяхатқа шақырады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
510

Sputnik ең қызықты саяхат бағдарларымен таныстырып, жұмсалатын қаражатты есептеп береді

АСТАНА, 27 жел, Sputnik баспасөз қызметі, — Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы жаңажылдық және рождестволық мерекелер қарсаңында ТМД және Балтия елдері туралы мультимедиялық жол көрсеткіштің қысқы нұсқасын жарыққа шығарды.

"Sputnik–пен саяхатта" атты тематикалық қысқы жолбасшы Таяудағы шетелдің 14 мемлекетіндегі оқырмандар назарына аяз бен қардан тайсалмайтындарға арналған саяхат туралы ең маңызды, ең қызықты жайттарды ұсынады.

Sputnik-тің жаңа жолбасшысы қалалар мен қысқы курорттар, рождестволық жәрмеңкелер мен тау шаңғысы бөктерлеріне бастайтын ең қызықты бағдарлармен таныстырады; жаңажылдық ойын-сауықтар күнтізбесін құрып, жұмсалатын қаражатты есептейді; қысқы демалысты қайда және қалай қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге болатынын көрсетеді.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. 

Sputnik құрамына отыздан астам тілдегі сайттар, баламалы және сандық радиохабар, ұялы телефондарға арналған қосымшалар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар енеді. Оқырмандар үшін Sputnik жаңалықтар таспасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.