15:26 24 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD377.18
  • EUR426.14
  • RUB5.98
Универсиада-2017

Sputnik Қазақстан Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 спортшыларына қолдау көрсетеді

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
Универсиада-2017 (26)
81 0 0

"Универсиада-2017" арнайы айдары Sputnik Қазақстан оқырмандарына қысқы ойындардың соңғы жаңалықтарын хабарлайды

АСТАНА, 27 қаң, Sputnik баспасөз қызметі, - Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігі және радиосы Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың басталуына орай "Универсиада-2017" айдарын енгізеді. Қысқы Универсиада ұлттық құрамаларының өмірі жайлы ең өзекті жаңалықтар күнделік "Жаңалықтар" бөлімінде фото-, бейне- және радиоформатта шығарылатын болады. Sputnik Инфографикасы Универсиаданың негізгі нысандары, қатысушы елдер, спортшылар, еріктілер мен туристтер саны туралы баяндайды.

29 қаңтардан бастап оқырмандар онлайн режимде Алматыдағы қысқы Универсиада жаңалықтарымен жедел түрде таныса алады, сондай-ақ жүлделі орындардың кімге бұйырғанын білетін болады. Алматыдағы спортшылардың жетістіктерін Sputnik Қазақстан әлеуметтік желілерінде #Универсиада2017 хэштегі арқылы біле аласыздар.

Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының басшылығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарыстарға 17-28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар мен Универсиада алдындағы түлектер қатыса алады. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы болып қысқы Универсиада өткізгелі отыр.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Тақырып:
Универсиада-2017 (26)
Загрузка...

Басты тақырып