14:00 07 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD439.01
  • EUR474.61
  • RUB5.75
Баспасөз хабарламасы
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Ресейдің астанасындағы ГУМ-ға келушілер Sputnik ақпараттық агенттігінің хабы орналасқан елдердің жаңажылдық дәстүрлері туралы біле алады

МӘСКЕУ, 18 желтоқсан - Sputnik. Мәскеудегі цифрлық шыршада Sputnik ақпараттық агенттігі және радиосы жұмыс істейтін елдердің жаңажылдық жаңалықтар күндері басталды. Мереке соңына дейін күн сайын Sputnik медиа тобының арт нысанында Ресейдің басты әмбебап дүкеніне келушілер жедел ақпаратпен таныса алады. Сондай-ақ, түрлі елдердің жаңажылдық дәстүрлері туралы білетін болады.

Дни новогодних новостей стран Sputnik в ГУМе
© Sputnik / Кирилл Каллиников
Шыршадағы жүгіртпе жолдан әлемдегі жаңалықтарды оқуға болады

Биыл Sputnik бесжылдығын атап өтуде. Шыршаны ақпарат агенттігі қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етіп отыр. Медиатоп 33 тілде ақпарат таратады. Сондықтан шыршадағы ақпарат орыс тілімен қатар агенттік жұмыс істейтін өзге тілдерде де шығатын болады.

Молдавияда Аяз атаны қалай атайды? Эстонияда қандай жаңажылдық дәстүр бар?

© Sputnik / РИА Новости
Sputnik агенттігі бесжылдық мерейтойына орай қала тұрғындары мен қонақтарына тарту жасады

Франция мен Италияда жаңа жыл дастарханына қандай тағамдар дайындалады? ТМД-да адамдар ең жиі баратын Аяз атаның резиденциясы қайсы? Шырша шарлары қайда ойлап табылды? Бұл сауалдардың жауабын шыршадағы жүгіртпе жолдан оқуға болады.

Sputnik – елдер мен өңірлердегі 33 тілде интернет сайттар мен аналогтық және цифрлық радио хабар тарататын ірі халықаралық БАҚ-тардың бірі. Орыс, ағылшын, француз тілінде ақпарат таратады. Әлемнің 80-нен астам қаласында және интернетте өз оқырманы бар.

Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы жетекші әлемдік басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы  - айына 50 миллион. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеу қаласында. Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына енеді.

Тақырып бойынша

Sputnik шыршасы: Мерекеге орай оқырмандарға 33 тілде ақпарат беріледі   
Павлодарлық журналист Sputnik Қазақстанның арнайы жүлдесін алды
ХҒС ғарышкерлері Sputnik оқырмандарымен байланысқа шығады
Sputnik-ті Ұлыбританиядағы конференцияға кіргізбеді
Ұлттық волонтерлік желі Sputnik Қазақстанды марапаттады
Кілт сөздер:
жаңа жыл, шырша, Мәскеу, Sputnik
Загрузка...

Басты тақырып