"Россия сегодня" ақпарат агенттігі акция өткізеді

© Sputnik / Тимур БатыршинВечный огонь в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Вечный огонь в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Акцияға биыл 15 жыл толып отыр. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл жолы онлайн-форматта өтеді

АЛМАТЫ, 28 сәуір– Sputnik. "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің халықаралық баспасөз орталығы жыл сайынғы "Георгий лентасы" акциясының басталуына байланысты сейсенбіде видеоконференция өткізді. Коронавирустың таралуына және бұқаралық іс-шаралардың тоқтатылғанына байланысты осы жылы формат өзгертілді.

2020 жылы "Георгий лентасы" акциясына 15 жыл толады. Бұл дәстүр 2005 жылы наурызда Зубовск гүлзарында басталды, видеоконференцияның осы жерде өткізілуі де кездейсоқ емес. Оған "Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья Лосева, Ресей жастары басшысының орынбасары Андрей Платонов, Мәскеу қаласы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Владимир Филиппов, бүкілресейлік "Волонтеры Победы" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Ольга Амельченкова және "Мосволонтер" орталығының директоры Дмитрий Покровский қатысты.

"Қазір адамдарды біріктіру қажет, бұл міндетті орындау өте қиын. Біз мұның маңызды әрі қиын екенін білеміз. Алайда дәстүр сақталады", -деп атап өтті Наталья Лосева.

Биыл "Георгий лентасы" акциясы 4-9 мамыр аралығында "Ресей патриот орталығының" үйлестіруімен және "Россия сегодня" ХАА ақпараттық қолдауымен Бүкілресейлік "Волонтеры Победы" қоғамдық бірлестігінің қатысушылары күшімен онлайн және оффлайн форматта өтеді. Ол Ресейдің барлық өңірін қамтиды.

"Россия сегодня" ХАА барша оқырманын және серіктестерін осы акцияға қосылуға шақырды. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде "Георгий лентасымен" түскен суретін жүктеп, тіпті компания логотиптеріне қосуға шақырды.  

"Георгий лентасы" акциясы РИА Новости тілшілерінің бастамасымен "Біздің жеңіс. Күн сайын" баспа жобасының жалғасы ретінде қалыптасты. Бұл жоба аясында соғыс әсер еткен мыңдаған адамның оқиғасы жиналды. Соның жалғасы ретінде "Менің есімде. Мен мақтан тұтамын" ұраны пайда болды.

Биыл бұл бастаманы Мәскеу басшылығы мен "Студенттік қауымдастық" қоғамдық ұйымы қолдап отыр. "Россия сегодня" ХАА 2014 жылдан бастап осы акцияға қатысып келеді.

"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі – әлемдегі оқиғаларды жедел жариялайтын, оқырманға түрлі оқиғаларға деген көзқарас ұсынатын халықаралық медиатоп. "Россия сегодня" ХАА бірнеше ақпарат ресурстар желісін біріктірген: РИА Новости, РИА Новости Спорт, РИА Новости Недвижимость, Прайм, РИА Рейтинг, ИноСМИ, Әлеуметтік навигатор. Шетелде медиатоп халықаралық ақпарат агенттігі мен Sputnik радиосын ұсынады. Агенттіктің жаңалықтары баспасөз қызметінің "Зубовский, 4" телеграм-каналында шығады.

Жаңалықтар
0