12:02 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
жаңбыр

Қазақстанның солтүстігі мен батысында жұмада жауын жауады деп күтілуде

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысы мен солтүстігінде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

АСТАНА, 12 там — Sputnik. Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысы мен солтүстігінде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Басты тақырыптар