Өңірлер

Әкімдік: Астанадағы Талдыкөлді тазарту қыркүйекте аяқталады

© Акимат АстаныТалдыкөл
Талдыкөл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада жаман иіс тарататын Талдыкөл ағын суларын жинауышын тазарту ағымдағы қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов.

АСТАНА, 18 там – Sputnik. Астанада жаман иіс тарататын Талдыкөл ағын суларын жинауышын тазарту ағымдағы қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов.

Сәуірдің соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке  елорданың сол жағалауындағы ағын суларын жинауышынан тарайтын жағымсыз иіс мәселесін шешуді тапсырған. Елбасы қала басшысын осы мәселенің оң шешімін таппаса Талдыкөлің маңына киіз үй тігіп, сонда көшіретіндігін айтқан. Кейіннен осы мәселе бойынша пікір білдірген президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев жағымсыз иіс кетпесе, Талдыкөлдің жағасына киіз үйді өзі тігетінін алға тартқан.

"Талдыкөлге келер болсақ, Астана қаласында топырақ құнарлығын қалпына келтірумен Талдыкөл ағын суларын жинауышын жою бойынша жобаны жүзеге асыруда жалпы қандай да бір мәселе туындап отырмағандығын айтар едім. Өйткені жобаның өзін осы жылы – 2016 жылдың желтоқсанында аяқтаймыз", — деді Әбижанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта механикалық және биологиялық тазарту құрылғыларының құрылысы аяқталу үстінде.

"Қазірдің өзінде жабдықты монтаждау жүргізіліп отыр, жалпы осы жылдың қыркүйегінде Талдыкөлмен байланысты барлық мәселелер шешіледі. Олар алынатын болады", — деді Әбижанов.

Жаңалықтар
0