16:54 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Дождь

Қазақстанның басым бөлігінде найзағалы жаңбыр жауады деп күтіледі

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ болуы ықтимал, тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

АСТАНА, 9 қыр —  Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, екпінді жел соғады, солтүстікте бұршақ болуы ықтимал, тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

Солтүстік-батыстың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты тақырыптар