04:28 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
Жаңбыр

Қазақстанның басым бөлігінде таяу күндері өткінші жаңбыр және екпінді жел күтіледі

Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Қазақстанның басым бөлігінде таяу күндері өткінші жаңбыр және екпінді жел күтіледі.

АСТАНА, 14 қыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде таяу күндері өткінші жаңбыр және екпінді жел күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, 15-17 қыркүйек күндері республикамыздың басым бөлігіндегі ауа райы барысы, Екатеринбург маңында орналасқан циклонға байланысты болады.

"Сондықтан көп облыстарда найзағайлы өткінші жаңбыр және екпінді жел күтіледі, сонымен қатар бірқалыпты жылы болады. Оңтүстігімізде найзағайлы, өткінші жаңбырға қарамастан жазғы күндей жылы болып қала береді",-делінген хабарламада.

Тек Шығыс өңір, жоғары атмосфералық қысым әсерінде болады. Бұл жерлерде ашық, жылы ауа райы күтіледі.

Басты тақырыптар