08:11 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
дождь

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбіде найзағайлы жаңбыр жауады

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Бейсенбіде, 15 қыркүйекте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр, екпінді жел сақталады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

АСТАНА, 15 қыр — Sputnik.  Бейсенбіде, 15 қыркүйекте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағаймен жаңбыр, екпінді жел сақталады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, батыста, солтүстікте және орталықтың кей жерлерінде  тұман күтіледі. Сондай-ақ, орталықта  үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан,  Ақтөбе, Қостанай облыстарында,  күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде үсік жүреді 1-3 градус деп күтіледі.Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты тақырыптар