04:59 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Жәрмеңке, сауда

Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді

© Foto: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
185 0 0

17-18 қыркүйекте "Хан шатыр" СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады.

АСТАНА, 15 қыр —Sputnik. Елордада "Қуатты өңір – қуатты Қазақстан" акциясы аясында Өңірлер күндері жалғасады деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

17-18 қыркүйекте "Хан шатыр" СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 12 аудан мен Орал қаласының кәсіпкерлері қатысады. Жәрмеңкеде 200 тоннадан астам көкөніс, ет, консерві, ұн және макарон өнімдер, бал, балық, квас, шырын, сусын және т.б. сатылады. Бейбітшілік және келісім сарайында Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының «Ақжайық ару мекенім» тақырыптық көрмесі көпшілік назарына ұсынылады. 18 қыркүйекте сағат 16.00 Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің, "Назерке", "Ақжайық" би ансамбльдерінің және т.б. өнер иелерінің қатысуымен гала-концерті өтеді.

Атырау облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 34 тауар өндіруші қатысып, жалпы көлемі 90 тонна өнім шығарылады. Астаналықтарға балық, көкөніс, сүт және ет өнімдері, шұжық өнімдері, салат, жұмыртқа ұсынылады.

Жәрмеңке кезінде облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

17 қыркүйекте сағ.18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының "Ғасырлардан сыр шерткен Атырау" атты көрмесі ұйымдастырылады. 

Аталған көрмеге орта ғасырлық Сарайшық қалашығынан табылған археологиялық бұйымдар, тарихи тұлғалардың мұрағаттық құжаттары мен жеке заттай жәдігерлері шығарылады. Этнографиялық тұрмыстық бұйымдар, қолөнер шеберлерінің туындылары, ағаш ыдыстар, зергерлік әшекей бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, сағ.19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Атырау облысы өнерпаздарының гала-концерті өтеді. Сахна төрінде "Інжу-Маржан", "Махамбет", "Жем Аруы", "Шынарым-ай" би ұжымдары, "Мұрагер" фольклорлық ансамблі, облыстық филармония солистері мен орындаушылары өнер көрсетеді.

18 қыркүйекте сағ.19.00-де Астана қаласының Жастар театрында облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртістері Ш. Айтматовтың "Мәңгүрт" атты қойылымын көрсетеді.

Басты тақырыптар