12:07 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Бала жаңбырдан соң доппен ойнап жүр

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр болады

Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
200 0 0

Тек еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.Батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде тұман күтіледі.

АСТАНА, 16 қыр —Sputnik.Жұмада, 16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жауын-шашын, екпінді жел сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.Батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде тұман күтіледі.

Маңғыстау, Қостанай, күндіз Актөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, таңертең және күндіз Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты тақырыптар