Өңірлер

Медеуге саяхат: Назарбаев Алматының 1000 жылдығымен құттықтады

© Photo : Официальный сайт президента РКНурсултан Назарбаев побывал на катке "Медеу" в рамках 1000-летия Алматы
Нурсултан Назарбаев побывал на катке Медеу в рамках 1000-летия Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның естелік және адамзаттың мерейтойлық даталары күнтізбесіне енгізілгенін, бұл Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлін көрсететінін атап айтты.
АСТАНА, 18 қыр – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алматының 1000 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге 7 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мемлекет басшысы Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО-ның естелік және адамзаттың мерейтойлық даталары күнтізбесіне енгізілгенін, бұл Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлін көрсететінін атап айтты.

"Бұл қасиетті жерде талай тарихи оқиғалар өтті.  Бұл жерден Ұлы Жібек жолы өтті, бұл алғашқы сауда-саттық алаңы және алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін біріктіретін жалпы адамзаттық магистраль. 550 жыл бұрын Жетісу жері Қазақ хандығының алтын бесігіне айналды. Мұнда Орта Азияның бірегей қалалану мәдениетінің негізгі ошақтарының бірі пайда болды", — деді Назарбаев қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Алматының Қала күнін мерекелеуде.

Мемлекет басшысы ХХ ғасыр оқиғаларындағы Алматының ерекше рөліне назар аударды.
Жаңалықтар
0