17:32 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Күзгі қайыңдар

Сейсенбіде Қазақстанда күн ашық болады деп болжайды синоптиктер

© Sputnik / Yuriy Kaver
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шаынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгиромет метеоқызметі.

АСТАНА, 20 қыр — Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шаынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгиромет" метеоқызметі.

Тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс  және  батыс өңірлердің кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты тақырыптар