17:45 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Осень. Архивное фото

Cәрсенбіде Қазақстанда күн ашық болады деп болжайды синоптиктер

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"

АСТАНА, 21 қыр — Sputnik. Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"

Синоптиктердің болжамынша, тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады. Солтүстік, солтүстік-батыс және  шығыстың кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз  Қызылорда облысының кей жерлерінде жел күшейіп шаңды дауыл болады. Ақтөбе,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, Қарағанды,  Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты тақырыптар