Өңірлер

Бейсенбіде Қазақстанда күн ашық болады деп күтіледі

© Sputnik / Yuriy KaverКүзгі қайың
Күзгі қайың - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"

АСТАНА, 22 қыр — Sputnik. Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"

Синоптиктердің болжамынша, тек шығыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр сақталады. Солтүстік, солтүстік-батыс және  шығыстың кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Күндіз  Қызылорда облысының кей жерлерінде жел күшейіп шаңды дауыл болады. Ақтөбе,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жаңалықтар
0