03:41 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Мечеть Нұр Ғасыр в Актобе

Ақтөбе мешітінің жұмысшылары жалақы талап етуде

© Foto: ru.wikipedia.org/Esetok/Q
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
76 0 0

Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары жалақы талап етіп, сонымен қатар басшыларына өздерін балағаттады деп айыптауда, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшылары жалақы талап етіп, сонымен қатар басшыларына өздерін балағаттады деп айыптауда, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қалалық сотта "Нұрғасыр" мешітінің жұмысшыларының жалақыны өндіру және моральдық шығынды өндіру бойынша талап-арызы қаралып жатыр. Жұмысшылардың арызында, олардың жалақы ала алмай отырғаны жазлған. Соттың атап өтуінше, жұмысшылар мешіт имамы Оспан Төле би Дәділұлына және мешіттің басқарушысы Балкенов Бақыткерейге хат жазған, алайда бұл өтініштері қанағаттандырылмаған.

"Басқарушы Балкенов Б. жалақыны беру туралы талапқа дөрекі жауап берген, былапыт сөз айтып, жұмыстан шығарамын деп қорқытқан", — делінген Ақтөбе сотының хабарламасында.

Е-islam.kz порталының ақпаратына сәйкес, "Нұр-Ғасыр"мешіті 3,5 мың адамға арналған. Мешін ғимаратында асхана мен 25 шәкіртке арналған медресе бар.

Басты тақырыптар