08:12 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Осень. Архивное фото

Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде жауын-шашынсыз болады

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Тек батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.Солтүстікте, шығыста және орталықта үсік жүреді.

АСТАНА 28 қыр — Sputnik.Сәрсенбіде, 28 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Тек батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.Солтүстікте, шығыста және орталықта үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының  басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты тақырыптар