Өңірлер

Елбасы Орталық Азиядағы ең ұзын көпірдің құрылысымен танысты

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына сапары барысында Ертіс өзеніндегі көпір өткелінің құрылысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 29 қыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына сапары барысында Ертіс өзеніндегі көпір өткелінің құрылысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

дақылдар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев Павлодар облысы шаруаларымен өңірлік АӨК-ті дамыту мәселелерін талқылады

Бұл Орталық Азиядағы ең ұзын көпір өткелі болып саналады. Көпір өткелін пайдалануға беру Павлодар қаласының жол-көше торабының жүгін жеңілдетіп, көлік-транзит ағынын оңтайландыруға септігін тигізеді.

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Орталық-Шығыс» автожол құрылысы жобасының бір бөлігі болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске асыруға жұмылдырылған құрылысшылармен және жұмысшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында ол «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан облыстың көлік инфрақұрылымын  жақсартып, инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Құрылыс барысында мердігерлік жұмыстарға өңірдің шағын және орта бизнес субъектілері тартылуда. 400-ден астам жұмыс орны ашылды.

Жаңалықтар
0