03:25 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Хирургиялық операция

Қайтыс болған павлодарлықтар 6 адамға ағза доноры болды

© Foto: Национальный центр нейрохирургии
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Донорлардың бірінің өкпесі Астанадағы науқасқа салынды. Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған бұл операция сәтті аяқталды.

АСТАНА, 3 қаз — Sputnik.  "Қаза тапқан екі Павлодар тұрғыны Қазақстанның әр қалаларындағы алты науқасқа ағза доноры болды" – деп Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Қасымов дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қасымовтың мәлімдеуінше, туған-туыстарының рұқсатымен донорлардың жүрегі, бауыры, бүйрегі және өкпесі алыныпты.

"Науқастардың ішіндегі жасы ең үлкені 67 жаста, ол кісінің өкпесін ауыстырған екен. Науқаста өкпенің обструкциялық созылмалы ауруы асқынып, соның салдарынан тыныс алуы қиындаған. Соңғы сегіз жыл бойына үй жағдайында оттегі жастығын пайдалануға мәжбүр болған. Операцияны "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ мамандары жасады" – деп облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі атап өтті.

Орталықтың мәліметінше, бұл Қазақстанда он сағаттан астам уақытқа созылған, сәтті жасалған ең алғашқы өкпе трансплантациясы. Қазір науқас өз бетімен тыныс алады, хал-жағдайы бір қалыпты.

Қасымовтың айтуынша, жасы ең кіші науқас он бес жасар қыз баланың бүйрегін алмастырыпты. Елордалық дәрігерлерге Павлодар қаласының  №1 қалалық ауруханасының координаторлары көмекке келді. Донорлар осы аурухананың базасынан табылған болатын.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева айтып өткендей, №1 аурухана базасынан осымен үшінші рет донорлар табылып отыр. " Бірінші донор биылғы жылы ақпан айында инсульттен қайтыс болған, Павлодар қаласының  37 жасар тұрғыны Олеся Пушкина болды. Ол кісінің жүрегі, бүйрегі мен бауыры үш науқасқа салынды " – дейді баспасөз хатшысы.

Сол кезде дәрігерлер Қазақстанда ағза трансплантациясына зәру үш мыңнан астам адам бар, 125-і Павлодар облысының тұрғыны, олардың ішінде үшеуі жас сәби деп хабарлаған болатын.

Басты тақырыптар