03:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Астанадағы жауын

Астана сейсенбі күні Путинді бұлтты ауа райымен қарсы алды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)
12 0 0

Қазақстандық синоптиктер 4 қазанда Астанада бұлтты және жаңбырлы ауа райы болды деп болжайды. Бүгін елордада екі мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының форумы өтеді.

АСТАНА, 4 қаз – Sputnik. Қазақстандық синоптиктер 4 қазанда Астанада бұлтты және жаңбырлы ауа райы болды деп болжайды. Бүгін елордада екі мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының форумы өтеді.

Sputnik агенттігіне "Қазгидрометтің" хабарлауынша, сейсенбіде Астанада ауа райы құбылмалы болып, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, тұман болады деп күтіледі.

"Солтүстік-шығыс бағытында екпіні секундына 5-10 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4°C, күндіз 10-12°C болады", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.

Бұдан бұрын, Кремльдің баспасөз қызметі, Ресей президенті Владимир Путин Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келгендігін хабарлаған. Сонымен қатар ол республика басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Мемлекет басшылары екі жақты келіссөздер өткізіп, олардың барысында ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері мен Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге өңірлік бірлестіктер аясындағы интеграция мен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылайды.

Кездесу қорытындылары бойынша көшбасшылар екі елдің ірі кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін Ресейлік-Қазақстандық бизнес форумға қатысады.

Содан кейін мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің XIII Өңіраралық ынтымақтастығының форумына қатысады. Іс-шараның негізгі тақырыбы —  «Еуразиялық кеңістіктің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту».


Тақырып:
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)

Басты тақырыптар