04:32 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
күз

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын түседі деп күтіледі

© Sputnik / Сергей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі

АСТАНА, 5 қаз — Sputnik. Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, ал қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз күн райы ашық болады, деп хабарлайды "Казгидромет" мемлекеттік метео қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с болады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан  облыстарында 1-6 градус аяз  күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Басты тақырыптар