04:23 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Жедел жәрдем

Павлодар облысында екі қанқұйлы көлік апаты болды

Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Павлодар облысында болған екі көлік апатында екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Өткен демалыста Павлодар облысында болған екі көлік апатында екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алды деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші көлік апаты 8 қазан күні Павлодар қаласында сағат 04:00 кезінде болды. ВАЗ-2112 көлігін мінген 22 жастағы жүргізушісі тұрақта тұрған ГАЗ-53 автокөлігіне соғылған. 

Көлік апатының нәтижесінде, ВАЗ-2112 көлігінде отырған 16 жасар жолаушы оқиға орнында көз жұмды, әр түрлі дене жарақаттарын алған жүргізуші, Павлодар қаласындағы 1-ші қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. 

Аталған фактіге байланысты сот алды тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Екінші көлік апаты 9 қазан күні Шалдай-Шарбақты жолында орын алды. Merсedes мінген 26 жасар жүргізуші көлікті айдап келе жатып аударылыпты. 

Көлік апаты нәтижесінде жүргізуші оқиға орнында көз жұмса, 26 және 33 жастағы жолаушылар түрлі дене жарақаттарын алған. 

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сот алды тергеу ісі басталды.     


Басты тақырыптар