04:20 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Темекші шегу

Теміртауда темекі ұстап ұйықтап кеткен азамат өрттен құтқарылды

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
5 0 0

Полиция қызметкерлеріне бір бала жүгіріп келіп, пәтерлердің бірінен өрт шыққандығын айтып, көмекке шақырған.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Теміртау ІІБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік батальон қызметкерлері 55 жастағы Теміртау тұрғынын өрттен құтқарып қалды деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik агенттігіне. 

7 қазан күні кешке патрульдегі полиция қызметкерлеріне бір бала жүгіріп келіп, Металлургтар даңғылындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққанын айтып, көмек сұраған.

"Өрт кешкі жетілерде басталды. Полиция қызметкерлері – 25 жастағы Телеужан Еспенбетов, 26 жастағы Әлібек Ахметов және тағылымгердер – Владимир Казаков пен Меңлібай Аян – болған оқиғаны кезекші бөлімшеге хабарлап, өздері өрт шыққан пәтер орналасқан үйдің терезелерін қаққан", — деді Құдияров.

Өртке оранған бөлмеде иіс газынан уланып, ес-түссіз жатқан ер адамды далаға шығарып, "жедел жәрдем" дәрігерлеріне берген.

55 жастағы пәтер иесі темекі шегіп отырып ұйықтап кеткендіктен, өрт шыққандығы кейіннен анықталды.

Теміртау қаласының ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік батальоны басқармасы полиция қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсыныс дайындады.  


Басты тақырыптар