Өңірлер

Алматыдағы өрт кезінде қаза тапқандардың саны алты адамға жетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын бес адамның қаза тапқаны хабарланған еді: бір дәнекерлеуші және төрт жұмысшы.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Аlmаty Towers бизнес орталығында шыққан өрт кезінде қаза тапқандардың саны алты адамға дейін жетті деп хабарлады ТЖ бойынша қалалық департаменттің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова дүйсенбі күні.

Almaty Towers ғимаратындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Аlmаty Towers ғимаратындағы өрт: тағы төрт адамның денесі табылды

Almaty Towers кешенінде өрт жексенбі күні сағат 18:00-ден кейін басталды. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. 20:36-да жойылған тұтанудың жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрады.  Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жексенбі күні, өрт кезінде 54 жастағы дәнекерлеуші иіс газынан уланып қаза тапты деп хабарланған болатын. Дүйсенбі күні ТЖД тағы да төрт адамның денесі табылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0