Өңірлер

Ақтауда жұбайының бизнесі кесірінен жоғары қызметтегі шенеунік лауазымынан босатылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазыналық органдар шенеунігі жұбайының фирмасы күрделі заң бұзушылықтарға жол берген, ал мемлекеттік қызметкер мүдделер қақтығысы туындағанына қарамастан, өз міндетін орындай берген.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik.  Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін лауазымнан босатылды деп хабарлады Қазақстан ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі.

Алкоголь өнімдер шығарумен айналысатын "Партнер Актау Компани" ЖШС қызметін тексеру кезінде тауар сомасы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.  Салық тексеру нәтижесінде ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылды.

Басталған сотқа дейінгі тергеу барысында ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің жұбайы болып табылатыны белгілі болды.

"Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды", — деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті. 

Жаңалықтар
0