Өңірлер

Алматы қалың қармен күресуде

© Sputnik / Анатолий Устиненко Қар күреу
Қар күреу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір түн ішінде қалада 15 сантиметр қар жауды, таулы аудандарда – 20. Жолдар қардан тазартылып, көктайғаққа қарсы қоспа төселуде.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik.  Түнімен жауған қарды тазарту үшін Алматы қаласында 465 арнайы көлік және 530 жол жұмысшылары жұмылдырылды деп хабарлайды қала әкімшілігінің баспасөз қызметі. 

Қар жамылған Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы қар жамылды

Бейсенбіге қараған түні қалада 15 сантиметр қар жауды, таулы аудандарда – 20 сантиметр.

Хабарламаға сәйкес, жолдарға 6205 тонна құм-тұз қоспасы төселген. 

"03:00-ден бастап арнайы техникалар колонна құрып көшелердегі қарды күреуге кірісті, оларды полиция патрульдік көліктері алып жүрді. Қала көшелерінде көктайғақ болмас үшін жолдарға көктайғаққа қарсы қоспа төселді. Жауған қар толастамағандықтан, сағат таңғы 6 кезінде осындай жұмыс тағыда жүргізілді", — делінген баспасөз хабарламасында. 

 

Коммуналдық қызметтердің әрекетіне қарамастан, әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер көп кездеседі.

"Сағат 8:00-де әл-Фараби көшесіне шықтық, дұрыстап тазартылмаған, ал басқа көшелер туралы аузымды ашпай-ақ қояйын. Оларды ешкім тазартпаған",- деп жазады Алматы тұрғыны. 

Бірақ жағымды пікірлерде жоқ емес. "Жарайсыңдар, әкімшілік те, коммуналдық қызметкерлер де! Қар жерге түсіп үлгерместен, күреліп жатыр! Осы беттен танбаңдар, мегаполис!", — деп жазады Салтанат. 

Жаңалықтар
0