Өңірлер

Қазақстанда аяздың беті қайтып, қатты боран соға бастады

© SputnikБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік, шығыс және орталықта атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады, жел күшейеді, ал елдің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, жел күшейеді деп күтіледі, кей жерлерде тұман түседі деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болады, кей жерлерде қатты соғады деп күтіледі, желдің күшеюі – 15-20 м/с, ұйытқуы – 13-28 м/с, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Павлодар облысы – боран, желдің күшеюі – 15-20 м/с. 

Алматыда жауған қар - Sputnik Қазақстан
Қар "маһшары": Алматыда толассыз жауған қар

Шығыс Қазақстан облысында тұман және боран болады деп болжанады, желдің күшеюі – 15-20, ұйытқуы – 25 м/с.

Қарағанды облысында боран соғады, желдің күшеюі – 15-20, ұйытқуы – 23 м/с.

Қостанай облысында, синоптиктердің болжауынша, боран соғады, көктайғақ болады, желдің күшеюі – 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында – тұман.

Жаңалықтар
0