Өңірлер

Қазақстандықтарды жылы, бірақ желді жұма күтеді

© SputnikҚыс, рекадр
Қыс, рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикамыздың солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с  күшейеді. Павлодар  облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті жел соғады, 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.  

Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде  жел 15-22 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0